Елімізде алғаш рет “Азияның медиа диалогы”

0
122

Елордада шілденің 10-12 арасында “Азияның медиа диалогы” атты халықаралық медиа жоба жүзеге аспақ. Осыған орай бүгін орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз отырысы өтті. Жиында еліміздің ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, “Қазмедиа” орталығының бас директоры Ләззат Жүнісова және Азия-Тынықмұхиттық хабар тарату одағының бас хатшысы Джавад Моттаги сөз сөйледі. Іс-шараның мақсат міндеттерін айқындап, тілшілер тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Медиа жоба аясында “Radio Asia 2018” конференциясы мен семинарлары, “Radio Song Festival” ән фестивалі және “Media 2020” халықаралық конференциясы ұйымдастырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз