Еліміздегі тіршілік ететін киіктің саны нақтыланды

0
210

Қазақстанда киік саны 334 мыңға жетті. Бұл туралы бүгін Сенаттағы «Қазақстандағы биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

«Қорғаудың ең маңызы нысандарының бірі киіктер болып отыр. Бұл жабайы дала бөкенінің бірегей түрі саналады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында киіктердің әлемдік популяциясының 95 пайызы тіршілік етеді. 2019 жылғы жүргізілген есептеу қорытындысына сәйкес, олардың саны 334 мыңды құрады», – деді Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, 2015 жылы киіктер жаппай қырылғаннан кейін  жануарлардың өліміне не себеп болғандығын анықтау жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылған.

«Жұмыс қорытындысы бойынша киік тұқымының аурудан жаппай қырылуына жол бермеу жөнінде іс-шаралар жоспары қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Одан кейін ол Білім және ғылым министрлігі Ғылым жөніндегі комитетінің қарауына жіберілді. Таяу уақытта біз Қаржы министрлігіне аталған жоспарды қаржыландыру үшін ұсыныс жіберетін боламыз»,-  деді вице-министр.

Айта кетейік, 2018 жылы еліміздегі киіктердің саны 215 100 болған еді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз