Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

0
78

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, тек елдің солтүстік өңірлері мен солтүстік-батыс аймағында күн күркіреп, өткінші  жаңбыр жауады.

«ҚазГидромет» орталығының баспасөз қыметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-20 м жел күшейеді, ал Қызылорда облысында шаңды дауыл күтілуде.

Қостанай, Қарағанды облыстарында секундына 15-20 м жел соғып, күн күркіреуі ықтимал.

Маңғыстау облысында күн күркіреп, 15-20 м/с дейін жел ұйтқиды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз күн күркіреуі мүмкін.

Ал Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында ыстық ауа температурасы сақталады.

Сондай-ақ, бірқатар аймақта Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында төтенше өрт қаупі күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз