Елорда балабақшаларында 17 мың орын босайды

0
82

Елорда балабақшаларында 17 мың орын босайды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы цифрлық технологиялық бөлімінің бастығы Жазира Асанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

“Бүгінгі күні 2017 жылы дүниеге келген балалар үшін 1 600-ден астам, 2016 жылы дүниеге келген балалар үшін 5 мыңнан астам, 2015 жылы дүниеге келген балалар үшін 5 мың, 2014 жылы дүниеге келген балалар үшін 1 мың, ал 2013 жылы дүниеге келген балалар үшін 4 мың орын босайды. Бұл мемлекеттік балабақшаларда, жеке балабақшаларда және шағын орталықтарда босайтын орындар”, – деді ол.

Оның айтуынша, жаңартылған балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алу жүйесінде  шамамен 17 мың бос орын жарияланатын болады. “Кесте бүгін түстен кейін bilim.kz сайтында және басқарманың әлеуметтік желілерінде жария етілетін болады. Қазіргі уақытта мектеп жасына толған балалалар балабақшаны бітіріп жатыр. Соған сәйкес бұл сан өзгереді. 10 маусымға дейін E-Astana электрондық жүйесіне кіріп, жолдама алуға болады”, – деді Жазира Асанова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз