Елордада 200-ден астам құрылыс компанияcына айыппұл салынды

0
43
дереккөзден

Астанада 200-ден астам құрылыс компаниялары көріктендіру ережелерін бұзған. Көріктендіру ережелерін бұзған құрылыс компанияларына 16 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Он бір ай ішінде елордалық полиция қызметкерлері қала мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзған 225 құрылыс компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 15,905 млн теңгені құрады.

Кәсіпорындар уақтылы қарды, мұзды, іргелес аумақтарды қоқыстан тазаламағаны үшін және құрылыс материалдары мен қалдықтарын құрылыс учаскесінің аумағынан тыс жинағаны, қоршауының болмағаны, жүк көліктердің дөңгелектерінің жуылмағаны үшін және т. б. себептерге байланысты айыппұлға ілікті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз