Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

0
333

22 мамыр күні Нұр-Сұлтанда 80-нен астам жұмыс беруші 1 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін халықты жұмыспен қамту орталығы “Жастар” сарайында жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен алдын ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемесін қалдыра алады. Оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасынан өту, сондай-ақ халықтың нысаналы топтарының тұлғаларына әлеуметтік жұмыс орындары мәселесі бойынша ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылады.

Сонымен қатар, ниет білдірушілер жұмыспен қамту орталығының мамандарынан қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту мәселелері бойынша кеңес ала алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз