Елордада «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесі

0
487

Астанада ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде.

Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырған көрме-жәрмеңкесінің көлемі өткен жылмен салыстарғанда едәуір артқан. 2017 жылы Елордада өткен халықаралық көрме-жәрмеңкесіне әлемнің 15 елінен келген болса, биыл әлемнің 18 елінен 155 компания келді. Олардың 78-і отандық баспалар болса, 41 ресейлік баспахананың өнімдері қойылған.

Сонымен қоса, көрме алаңында Ресей, Польша, Ұлыбритания, Беларуссия, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Үндістан, Албания және басқа мемлекеттердің баспалары өз өнімдерін ұсынуда.

«Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан көрме Астананың 20 жылдығы мен Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналып отыр.

ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесі 25 нен 28 сəуірге дейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз