Елордада кітап алмасу акциясы басталды

0
1,049

Нұр-Сұлтандағы Қазақ  технология және бизнес университетінде ауқымды республикалық кітап алмасу акциясының ашылуы өтті. Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.  

Бүгінде Нұр-Сұлтанда бірнеше буккроссинг орындары пайда болған.  Мамандар ел бойынша 17 қаланың жоғары оқу орындары мен сауда орталықтарында барлығы 57 кітап сөресін қоймақ.  “Social Development Center” қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғановтың айтуынша, елордада мұндай сөрелер Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ технология және бизнес университетінде, “Астана жастары” жастар ресурстық орталығында, “Нұрсұлтан Назарбаев” халықаралық әуежайында, “Жастар” сарайында және ҚР Кәсіподақтар федерациясында орналасқан.

“Жалпы буккроссинг ұғымы ол әлемдік тренд, әсіресе Еуропа елдеріне барсаңыз, қоғамдық орындарда буккроссинг алаңын көптеп кездестіресіз. Оның ішінде автобус және метро аялдамаларында. Оның ережесі бойынша кез келген адам қалаған кітабын алып оқиды да қайта орнына қойып қояды. Кітаптар елден елге, қаладан қалаға саяхат жасайды. Сондай мүмкіндік міне елордалықтарда да бар”,– дейді “Social Development Center” қоғамдық бірлестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз