Елордада жыл соңына дейін көші-қон ХҚКО ашылады

0
56
дереккөзден

Биылғы жылдың соңына дейін елордада көші-қон (миграциялық) Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады.
«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпрорациясының басшысы Аблайхан Оспанов Үкімет отырысында биылғы жылдың соңына дейін Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Астанада пилотты жоба – көші-қон Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылатынын мәлім етті, деп жазады Қазақпарат. Оспанов жоба аясында шетелдік азаматтар да еш кедергісіз қызмет алу үшін қызметтер көрсетілетінін алға тартты.

Бұдан өзге Оспановтың айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін Қазақстан қалаларында арнайы ХҚКО ашу жоспарланған.

Оспанов сондай-ақ, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, көлік құралдарын тіркеу тәртібін оңтайландыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, транзакция толық электронды форматқа ауысады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз