Германияда босқындардың отбасыларымен қайта қосылуы неғайбыл

0
151

Германияда субсидиарлық (шектеулі) қорғаныш статусына ие босқын отбасыларының қайта қосылуына тыйым салу туралы ереже өз күшінде қалды. 1 ақпан күні неміс парламентінің төменгі палатасы – бундестагта тыйымның күшін жоюды дауысқа салған 376 депутаттың 248-і қарсы болды, 4 халық қалаулысы қалыс қалды. Тыйым салу мерзімі наурыз айының ортасынан тамыз айына дейін ұзартылды. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) басылымы хабарлады.

Христиан-демократ бірлігі (CDU) және Христиан социалды бірлігі (CSU) партиялары блогы мен Социал-демократ партиясынан (SPD) құралған коалиция осындай ымыралы вариантқа тоқталды, деп мәлімдейді DW.

Шілде айында CDU/CSU блогы мен SPD арасында құрылғалы отырған коалицияның қосымша норма қабылдайды деп күтіледі. Атап айтқанда, Германияда тұратын шектеулі қорғалған мигранттардың отбасыларын қайта қосу шаралары аясында айына 1000 адамға кәмелетке толмаған балалары, жұбайлары және ата-аналарының келуіне рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған, яки қиыншылыққа ұшыраған босқындар үшін арнайы кіру визалары беріліп, отбасыларымен қауышуына мүмкіндік жасалынады. Бұл жеңілдік жоғарыда аталған 1000 адамдық контингенттің тысында қарастырылады, деп нақтылайды ішкі істер министрі әрі христиан-демократ бірлігі партиясының мүшесі Томас де Мезьер (Thomas de Maiziere). Бұған қоса, Социал-демократтар партиясы жәрдем берудің ауқымын кеңейту үшін қиын жағдайға тап болғандарға арналған бағдарламаға толықтырулар енгізуді ұсынды.

Германияның Сыртқы істер министрлігінен таралған мәліметке сәйкес, 2017 жылы қиындыққа тап болған адамдардың отбасына 96 виза берілген.

-Оппозиция коалицияны сынға алды

Коалицияға енбейтін бундестагтағы қалған партиялардың басым бөлігі «отбасылардың қайта қосылуына» қатысты ережеге қарсылық білдірді. Неміс парламентіндегі солшылдар партиясының басшысы Дитмар Барчтың айтуынша, бұл заң – толықтай жөнсіз: моральдық тұрғыдан күмәнді, адамгершілікке қайшы ереже. Ал Жасылдар партиясының тең төрайымы Катрин Гёринг-Экардттың пайымынша, әрбір саясаткер перзенттерінен жырақта қалып, оларсыз өмір сүруді ойлап, бұл қорқынышты (отбасы мүшелеріне алаңдап өмір сүру) сезінуі керек. Осылайша, оппозиция өкілдері коалицияның көпшілік дауысымен күші ұзартылған ережеге өкпелі болса, қызық ұсыныстармен есте қалғандар да болды. Мәселен, оңшыл популист «Германия үшін балама (альтернатива)» (AfD) партиясының өкілі Кристиан Вирц есімді мәжілісвумен босқындардың отбасыларымен Сирияда арнайы лагерьлерде кездескені жөн болатынын алға тартты.

Число беженцев в Германии - инфорграфика

Ерлан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз