Өңірлерде неге нан қымбаттап жатыр?

0
286

Қазақстанның әр өңірінде нан бағасы қымбаттап жатыр. Петропавлда бір бөлке нанның бағасы екі айда шамамен 15 пайызға дейін қымбаттады. Бұрын қалада 80 теңге тұрған нан қазір 90-95 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Таразда ас атасының бағасы бір күнде 65 теңгеден 75-ке бірақ өскен.

Петропавл

Петропавлдағы жергілікті билік нанның қымбаттауын шығынның көбеюімен байланыстырып отыр.

– Кәсіпорын дизельмен жұмыс істейді. Дизель өткен жылмен салыстырғанда қымбаттады. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер, су, кәріз қызметі де қымбаттап отыр. Негізі, 2016 жылдан бері нан, тоқаш өнімдерінің бағасы көтерілмеген, – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық сауданы дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Нұрқанов.

Петропавлда нан бағасы соңғы рет 2016 жылы қымбаттаған. Биыл бөлке бағасы бір жыл ішінде қазан және қараша айында екі рет көтерілді.

Тараз

Тараз қаласында нанның ақысы күтпеген жерден неліктен шарықтап шыға келгені әзірге түсініксіз. Тіпті, бұған шенеуніктердің өз аң-таң.

Бүгін соны анықтау үшін облыс әкімдігінде кешке таяу наубайхана қожайындарының қаттысуымен шұғыл жиын өтті. Бірақ оның қорытындысы ертең жарияланады. Ал өңірде наның құны соңғы рет екі жыл бұрын көтерілген.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз