Ішкі істер министрлігінде жаңа басқарма құрылады

0
118
ҚР ІІМ орынбасары Алексей Калайчиди. Photo: bnews.kz

Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қайта құрылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді. 

“Аталған құрылым өткен жылдың соңында бөлімше қызметкерлеріне қатысты төтенше оқиғалардан кейін таратылған еді. Қазір біз ахуалға талдау жасап, Мемлекет басшысының атына тиісті хатты дайындадық. Осы орайда, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасын қайта қалпына келтіру бойынша қолдау жасалды”, – деді ол  Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысында.

Оның айтуынша, аталған құрылымды жасақтау орталық кадрлық комиссия деңгейіне енгізіледі.

“Бұл әрбір қызметкерді егжей-тегжейлі тексеріп іріктеу үшін жасалмақ. Яғни, өзіндік қауіпсіздік бөлімше қызметкерлерін іріктеу деңгейінде болады”, – деді министрдің орынбасары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз