ЭКСПО-2017 көрмесінің белсенді волонтерлері марапатталды

0
105

Кеше Астанада өткен волонтерлерлер форумында ЭКСПО–2017 көрмесінің үздік еріктілеріне құрмет көрсетілді.

Экспо-2017 көрмесі баспасөз қызметінің таратқан хабарында, еөрменің 100-ден астам белсенді волонтерлерін келесі санаттар бойынша марапатталғаны айтылды. Үздік бестік, «Алтын волонтерлер», Тим-Лидерлер, Үздік Белсенділер сынды номинацияларда үздіктер ұпайлар жүйесі бойынша анықталды.

Үздік еріктілер арасында Алия Дәуренбекова, «Алтын волонтер» атанған Батима Құсаинова, Италиялық волонтер Матия Демарки, Диас Талғатұлы суырылып алға шықты. Аталған еріктілерге сертификаттар және естелік сыйлықтарды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев табыстады. Өз сөзінде Ахметжан Есімов волонтерлер өз міндеттерін жоғарғы деңгейде орындағанын атап өтті.

 

«Волонтерлік қызмет көрменің табысты өтуінің маңызды факторы және көрме жұмысының жеке функционалды бағыты болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында барлығы 8,5 мың адам іріктеліп, арнайы оқытылды. Олардың 5,5 мыңы көрме аумағында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Астана қаласынан 2500-нан астам волонтер, Алматы қаласынан 900, ел өңірлерінен 1600 еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ Ресей, Қытай, АҚШ, Бельгия, Италия, Польша, Моңғолия, Қырғызстан және өзге мемлекеттердің волонтерлері көрмеге өз үлесін қосты. Еріктілердің орташа жасы –  19 жас, ең үлкені- 70 жаста. Бұл «Алтын волонтерлер» деп аталатын 30 ерікті. 60 волонтер Көрменің басталу уақытынан бастап жұмыс істеуде және 4 күннен кейін Көрменің Жабылу салтанатына қатысады. Көрменің жұмысы барысында 3 отбасы шаңырақ көтерді», – деп мәлімдеді Ахметжан Есімов.

Марапаттау рәсімі Али Окапов, Алмаз Кішкенбаев сияқты эстрада жұлдыздары мен волонтерлер қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Көрменің 3 ай жұмысы барысында Қазақстанның 16 обылысы және әлемнің 35 елінен келген волонтерлер 16 бағыт бойынша күніне 8 сағат бойы 3 маусыммен өз міндеттерін орындағанын еске саламыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз