Көк аспан үшін қалай күресеміз?

0
237
Сурет: solarimpulse.com

Оқи отырыңыз: Астана неліктен қою түтін астында қалды?

Биыл әлемде ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері рекордтық көрсеткішке жетті. «Global Carbon Project» ұйымының зерттеуі бойынша, биыл көмірқышқыл газының бөлінуі 2,7 процентке өскен. 24.kz хабарлауынша, газ көлемін азайтуға көмір энергетикасынан біртіндеп бас тарту ғана көмектеседі. 

Сарапшылар бұған экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қытай мен Үндістанның негізгі энергия көзі ретінде қазба отынын пайдалануы себепші болып отырғандығын айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ауаның ластануынан жыл сайын 7 миллион адам қайтыс болады. Әлемде ең көп көмірқышқыл газын бөлетін елдер Қытай мен Үндістан. Аспан асты елі 4,7 пайыз, ал Үндістан 6,3 пайыздық көрсеткішпен қоршаған ортаны ластаушылардың алдыңғы қатарында тұр. Бұл елдерде экономика дамыған сайын қазба отынына деген сұраныс күннен күнге артып отыр. Жаңғыртылатын энергия көздері әзірге көмірді ығыстыра алмауда. Дегенмен, Қытай билігі ауадағы CO2-нің мөлшерін азайтуға бар күшін жұмылдырып жатыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 2005 жылмен салыстырғанда, көміртегінің көрсеткіші былтыр 46 пайызға азайған. Осылайша 2020 жылға межелеген жоспарды алдын ала орындап тастадық деп отыр.

Се Чжэньхуа, Қытайдың климат өзгеру мәселелері жөніндегі арнайы өкілі:

– Қытай Үкіметі қашан да климаттың өзгеруімен күреске, жасыл энергетиканы дамытуға ерекше назар аударып келеді. 2017 жылдан бері біз бұл бағытта біраз оң нәтижелерге қол жеткіздік.

Қытай астанасы Бейжің
Айжан Салмұратова

Айжан Салмұратова 2 жылдан бері Бейжіңде тұрады. Үшінші баласын таяуда босанды. Желсіз күндері қаланы ыс басқанда қатты алаңдайтынын айтады. Ондай күндері ауа тазалағыш қосып, үйден шықпайды. Айжанның айтуынша, күйеуінің жұмыс бабымен 2009-2013 жылдары да Қытай астанасында тұрған. Сол кездегі экологиялық ахуалға қарағанда қазір жағдай біраз жақсарған. Түтінді күндер сиреді дейді.

Айжан Салмұратова, Бейжің тұрғыны:

– Балаларымыз осы жердегі қытай мектептеріне барып жүр. Түтін болған күндері дене шынықтыру пәні болмайды. Балалар далаға шықпайды да, сыныптарында отырып фильтр қосады. 2020 жылға дейін Қытай билігі «көк аспан үшін күресу» деген бағдарламасын енгізді. Сол бағдарлама бойынша осы түтінді жоюға тырысамыз дейді.

Жылу маумысы басталғалы Бейжің мен солтүстік аймақты бірнеше мәрте ыс басты. Бір апта бұрын ауадағы зиянды қалдықтар мөлшері 200-ден асып, қауіптің “сары түсі” жарияланды. Бүгінде Бейжің муниципалдық бөлімінің арнайы тобы рейд өткізіп жатыр. Олар ескертуге қарамастан жұмысын жалғастыратын құрылыс алаңдарын тексереді. Желтоқсанның басында осындай 100 дерек тіркеліп, жауаптылар тиісті жауапқа тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз