Көпбалалы отбасылар 2020 жылдан бастап салықты аз төлейді

0
132
Сурет: astana.gov.kz

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылар үшін жаңа салық жеңілдіктері енгізіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасындағы ата-ананың біріне ай сайын 23 АЕК, отбасындағы әр ата-ана үшін 12 АЕК салық шегерімдері беріледі, белгіленген күнтізбелік жыл үшін екі ата-анаға берілетін жиынтық салық шегерімдері 282 АЕК-ден аспайтын мөлшерде болады.

Аталған өзгертулер 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2020 жылдың 1 қаңтарында тоқтатылатын 347-бабында қарастырылған.

Көпбалалы отбасылар үшін салық шегерімдері жеке тұлғада күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп бала болған жағдайда қолданылады, бұл жағдай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталуы қажет.

Сонымен бірге Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін салық шегерімдерін қолдану туралы жеке тұлғаның өтінім нысаны бекітілді. Ол жұмыс берушіге (салық агентіне) ұсынылуы қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз