Kaspi.kz: Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз

0
144
Каспий банк филиалы. Photo: Kursiv.kz

28 қазан таңертең Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау шығып,  клиенттердің шотындағы қаржы көлемін қате көрсеткендігі белгілі болды.

Картамен төлем жасау, банкоматтан ақша алу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қожетімсіз.

Каспий банктің PR менеджері Ербол Азанбек банк барлығын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыс жатқандығын, шоттағы ақшалардың сақтаулы тұрғанын хабарлады.

“Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы жалған ақпарат тарады. Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз