Қазақстандағы ең танымал фамилиялар 10-дығы

0
675
фото: total.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай әлеуметтік желі арқылы Қазақстанда кеңінен таралған фамилиялардың тізімін жариялады.

М. Жұманбайдың Facebook парақшасында жарияланған дерекке сүйенсек, еліміздегі ең танымал ататек Ахметов болып шықты. Әділет министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда 73,6 мың Ахметов тұрады.

Ең танымал фамилиялардың бестігіне Омаров (45 мың), Ким (42,2 мың), Оспанов (41 мың) және Иванов (39,3 мың) енді.

Сонымен қатар, кеңінен таралған фамилиялардың ондығына Алиев (6-шы, 36 мың 084), Сүлейменов (7-ші, 33 мың 940), Ысқақов (8-ші, 31 мың 988), Абдрахманов (9-шы, 29 мың 091) пен Ибрагимовтар (10-шы, 28 мың 755) әулеті кірді.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында екінші және соңғы санақ 2009 жылы жасалды. 9 жыл бұрынғы деректерге сүйенсек, қазақтардың үлесі, жалпы халыққа шаққанда, 63,1 %-ды құрайды. Ал бұл көрсеткіш 1999 жылғы санақ бойынша 53,4 % болатын. 2009 жылғы санақтың қорытындысы негізінде Қазақстанда 23,7 % орыс (1999ж – 30,0%), 2,8 % өзбек (2,5%), 2,1 % украин, 1,4 % ұйғыр (1,4%), 1,3 % татар (1,7%) және 1,1 % неміс (2,4%) ұлтының өкілдері мен 4,5 % өзге этнос өкілдерінің (5,0%) мекен ететіні белгілі болған.

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз