Латынға көшуде Өзбекстан қателігін қайталамауды ескертемін – Мухаммад Салих

0
97

Өзбектің белгілі ақыны, саясат қайраткері, “Ерік” халық қозғалысының көшбасшысы Мұхаммад Салих Zona.KZ интернет газетіне берген онлайн сұхбатында Қазақстанның латын әліпбиіне көшу мәселесінде үндеу жасай отырып, өзбек елі жіберген қателіктерді қайталамауға тырысуға шақырды.

Белгілі саясаткер Мұхаммад Салих үндеуінде Өзбекстандық тіл мамандарының бір дыбысты бірнеше әріппен таңбалап ұзартқандығына байланысты қателік жібергендерін айта кетті.

«Бір кирил әрпімен берілетін дыбысты латын әліпбиінде екі таңбамен белгілеу арқылы Өзбекстан үлкен қателік жіберген болатын. 90-жылдары кирилицадан латын әрпіне ауысқан кезде бұрынғы қателіктерді қайта жібермеуді өтіндік. Кирилицада өзбектің төл дыбыстары таңбаланбайтын, сингормонизм заңдылықтары да сақталмайтын. Осыны аййтып шағымданған болатынбыз. Өзбекстан латын әрпіне ауысқанмен де, осы қиындықтарды шеше алған жоқ. Өзбек тіліне тиесілі дауыссыз дыбыстар латын әрпіне ауысқаннан кейін ешқандай тиімді белгілермен таңбаланбады. Қазіргі таңда бұл дыбыстар өзбек латын әліпбиінде де қолданылмайды.

Қазақ бауырларыма айтарым: біз жіберіп алған қателіктерді қайталамауға тырысыңыз. Осыны ескерткім келеді. Латын әліпбиін қабылдар алдында тілдегі барлық лингвистикалық мәселелерді толықтай шешіп алған жөн. Бұл – жаңа әліпбиге көшу барысында қарастырылуды талап ететін ең басты мәселе.

Бүгінгі таңда Қазақ елі латын әрпін әлі қабылдай қойған жоқ, сондықтан бұл мәселелерді алдымен шешіп алғасын ғана латын әліпбиіне көшуге кеңес берер едім» , – дейді саясат қайраткері.

“Эврика” газетінің мәліметінше, Өзбекстан латын әліпбиіне 1920 жылдан бері әлі көшіп жатыр. Алайда 2015 жылдың өзінде латын әліпбиі өзбек қоғамының барлық қолданыс саласына енгізілмеген. Латынға білім беру мен іс жүргізу салалары ішінара өткізіліпті. Баспасөз БАҚ-тары болса әлі де кирилл қарпін қолданады, ал телевизияда кирилл мен латын қатар қолданылады екен. 97 жыл ішінде Өзбекстан латынға толықтай көшіп біте алмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз