Латын қарпіне қатысты жұмыс тобы құрылады

0
62
ашық дереккөзден, informburo.kz

Қазақ тілін латын графикасына енгізу үшін жұмыс тобы құрылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Бұдан өзге министр «Екіншіден, орфография-лингвистикалық комиссия құрылатын болады. Латын графикасы негізінде жаңа орфографиялық ережелер мен қазақ тілінің орфографиялық сөздігі жасалады. Үшіншіден, нормативтік-құқықтық базаны сәйкестендіру қажет», – деп атап өтті.

Министрдің сөзінше аталған жұмыстар жасалғаннан кейін барып оқу-әдістемелік, көркем және өзге де әдебиеттерді басып шығаруға болады.

«Әрине, қоғамда және бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа алфавитті белсенді насихаттау қажет. Арнайы оқу порталын, сондай-ақ мәтінді латын әліпбиіне автоматты түрде аударатын конвертер құру қажет», – деген министр жарнама тіліндеде латын қарпін белсенді пайдалану қажеттігін алға тартты.

Сонымен қатар А. Мұхамедиұлы латын қарпіне көшу бойынша Үкіметтің шығын көлемін де жариялады.

«Бұл үлкен жоба, әдетте ол елеулі қаржыны талап етеді, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен 2018 жылға 56 млн теңгеге өтініш берілді», – дейді А. Мұхамедиұлы.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз