“Мұғалімнің орташа жалақысы 150 мың теңгеге өседі”

0
125

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тамыз конференциясында ұстаздардың еңбекақысын көтеру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«80 елордалық мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшеді. Талдау көрсеткендей, қаражатты тиімді бөлу есебінен әрбір мектеп бюджет қаражатының 20 пайызға дейінгі бөлігін мұғалімдерді қосымша көтермелеуге бағыттай алады. Осылайша, біз кейбір мектептер мысалында көрудеміз, егер өткен жылы мұғалімдердің жалақысы орташа 100-110 мың теңгені құраса, онда жаңа оқу жылында қосымша жаңартылған мазмұн, қосымша сыйақы беру, жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы және бұлтты бухгалтерия үнемдеуді енгізу есебінен, мұғалімдердің орташа айлығы 150 мың теңгеден асатын болады», – деп айтты Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, Ә.Исекешев электронды құжат айналымына көшуге компьютермен толық жабдықталмауы бірден-бір кедергі келтіріп отырғанын айтты.

«Жаңа оқу жылында біз қосымша 1600 компьютермен жабдықтаймыз және барлық мектепте секундына 40 мегабитті жылдамдықты интернет және барлық кабинеттерге wi-fi қосылатын болады. Меніңше қолданылатын шаралар бұл мәселені шешеді деген ойдамын», – деді қала әкімі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз