Мамыр айында болатын салқынның сыры

0
528

Мамыр айының шамамен он төрті және жиырма сегізі аралығында 2-3 күнге ғана соғылатын қатты желді халық даналары «Құралай салқыны» дейді.

Ақсақалдар айтуынша, оның дәл бұлай айтылу себебі, осы уақытта киіктер лақтап, құралайын суық жерден тұрғызып жүгіртеді. Киіктердің төлдер кезі, желге қарсы жүгірген жағдайда ғана олар төлдеуге қабілетті болады екен. Олардың төлдері аптап ыстыққа шыдамайды, сол үшін жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай табиғаттың тылсым күшімен қатты суық жел тұрады. Киіктердің төлдеуі екі – үш күнге ғана созылады. Бір ғажабы киік қанша көп болса да, «құралай салқыны» кезеңінде төлдеп үлгереді. Сондықтан одан ары жаз толықтай күшіне енеді екен.

Картинки по запросу құралайдың салқыны

Күннің суытып, жел тұруының ықпалы?
Киік төлдеген кезде күннің суытуы құралайдың аяқтануына тікелей әсер етеді. Жаңа туған төл жердің қара суығына шыдамай, тез тұрып кетеді екен.  Желдің де өзіндік функциясы бар. Киік өзге төртаяқтылар секілді шуын жалап түсірмейді. Жануар желге қарсы жүргенде бұл үдеріс табиғаттың ықпалымен жүзеге асады.
Картинки по запросу құралайдың салқыны

Дала тағыларының тәбеті жойылады

Құралай салқынының тағы бір ғажабы, даланың нәзік еркелеріне сондай құмар жыртқыштардың дәл осы “Құралай салқыны” кезінде тәбеті қашып, етке жақындай алмай қалады екен. Құралайлар аяғынан тұрып кеткен кезде ғана жыртқыштардың етке деген тәбеті қайта оралады.

Картинки по запросу құралайдың салқыны

Құстардан түйе­табан қорғайды 
Бұл аз күннің қасиетін білдіретін тағы бір жағдай бар. Біздің далада өсетін түйетабанды да тек осы кезеңде көруге болады. Кереметтігі сонда, оның үлкен қызғылт жасыл түсті жапырақтары жаңа туған құралайды жасырып тұрады екен. Яғни, қырағы бүркіттердің өзі табиғаттың қорғауында жатқан құралайды көре алмайтындай жағдай туғызады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз