Мәскеуде наразылық шеруі

0
149
Euronews


Мәскеуде келісім бойынша интернет-ресурстарды атап айтқанда Telegram желісін бұғаттауға қарсы «Еркін ғаламтор үшін» шеруі өтті. Наразылық шеруіне шыққандар Роскомназдор басшысының отставкаға кетуін талап етті.

Академик Сахаров даңғылына жергілікті полиция таратқан ақпарға сәйкес, шамамен 1000 адам келген, «Белый счетчик» қозғалысы белсенділерінің айтуынша, 2300 адам жиналған.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында – Халық еркіндігі Партиясы, Ресей Пират партиясы және «Алма», сондай-ақ бірқатар қоғамдық-саяси ұйым мүшелері бар. Telegram мессенджерінің негізін салушы Павел Дуров бұл жолы шеруге қатысуға шақыру туралы мәлімдеме жасамады. Euronews таратқан ақпарға сәйкес, кіре берісте шамамен 30 ұлтшыл тұтқындалған.

Бұған дейін Telegram желісінің бұғатталуына қарсы наразылық акциясы Мәскеуде 30 сәуірде өткен еді. Сол уақытта «Еркін ғаламтор үшін» наразылық шеруі аталған Сахаров даңғылында өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз