ҚМДБ жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

0
316
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында ашылған жаңа мешіт.

Мүфтият, мешіттерде жамағатпен жұма намазына тыйым салынғаны үшін әрі қарай бес уақыт намаз қалыпты оқылатынын хабарлады.

2 қарашадан бастап елдегі барлық мешітте тек қана бес уақыт намаз өткізуге (жамағат 100 адамнан аспау керек) рұқсат берілген болатын. Алайда жұма намазы уақытша оқылмайды.

Осыған орай мүфтияттің мәлімдемесінде мұсылман қауымын мемлекет заңына мойынсұнуға және түрлі арандатушылық әрекеттерге салынбауға шақырады. Бұған екі түрлі мысал келтірді:

Біріншіден, шариғатта: “Имам заңды негізде ел тұрғындарына жиналуға рұқсат етпесе, халық жиналмауы керек”, – деп түсіндірді.

Екіншіден, ханафи мәзһабында: “Жұма намазын оқуға рұқсат етілмеген жағдайда, бесін намазы күндегідей жамағатпен оқылады”. Сондықтан жұма күні бесін намазы мешіттерде санитарлық талаптарды сақтаған халде жамағатпен оқуға рұқсат етіледі немесе үйінде оқиды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз