Министр Цой кинотеатрлардың ашылуына байланысты болжам айтты

0
70
Алексей Цой. Photo: primeminister.kz

14 қазан күні өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрлардың ашылуы мүмкін екенін хабарлады.

“Біз кинотеатрлардың қызметін жандандыру бағытында жұмыс жүргізудеміз. Қазір жағдайды бағалап, тиісті мекемелермен және “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жұмыс істеудеміз. Театрларға берілген жеңілдіктерге ұқсас нақты ұсыныстар бар”, – деді Цой онлайн баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда кинотеатрлардың жабылғанына жарты жыл болды. Шығынға батқан бизнесмендер банкротқа ұшыраудың алдында тұрғанын мәлімдеген болатын.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда кинотеатрлардың қайта ашылуы үшін кинематография өкілдері және басқа да азаматтар otinish.kz сайтында президент Тоқаевқа онлайн петиция дайындап жатқандығы хабарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз