Министр: Ешкім 42 500 теңге алғаны үшін жауапқа тартылмайды

0
77
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

42 500 теңге әлеуметтік көмекті қателесіп алған бірде-бір адам қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 20 сәуірде өткен онлайн баспасөз мәслихатында айтты.

Нұрымбетовтің сөзінше, төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42 500 теңгені алғандардың кейбірі бұл қаржыны қайтарып беруі тиіс, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін деген түрлі ақпараттар көбейгенін айтты.

– Ештеңені уайымдамаңыздар, халықтың басым бөлігінің табысы аз екені, жалақы, жәрдемақының көп еместігі түсінікті. Сондықтан біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз. Мәселе, жұмысын тоқтатпаған жұмыс берушілер мен жалақысын алып отырса да 42 500 теңге алу жөнінде өтініш бергендерге байланысты туған болатын,- деді ол.

Министр “42 500 теңге неге барлық азаматқа берілмейді” деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше “Төтенше жағдай кезінде мелекет халыққа әртүрлі әлеуметтік көмек ұсынған. 42 500 теңге алмаған азаматтар басқа көмектерді ала алады.

Министрің сөзінше, қазірге дейін 3 миллион 960 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып, оған 157 миллиард теңге бөлінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз