Модель жігіт арулар байқауының финалына шыққан

0
306

Алматылық жігіт Miss Virtual Kazakhstan аруларға арналған сұлулық байқауының финалдық бәсекесіне дейін жеткен.

22 жастағы Илай Дягилев есімді азамат сұлулық конкурсына қатысу үшін Арина Әлиева деген шымкенттік арудың аты-жөнімен фотосуреттерін жолдайды. Дауыс беру кезінде жас жігіттің фотосы отандастарының көбісіне ұнап, сайыстың финалына дейін жеткен.

Модель жігіт мұндай эксперимент жасауға не итермелегенін Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында айтып берді.

 «Достарыммен сұлулық тақырыбында дауласып қалдым. Содан осы байқауға қатысайын деп шешім қабылдадым. Мен табиғи сұлулықты қолдаймын. Қазір, өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық қыз бірдей боянып, киінеді және олар заман ағымынан қалмасам, әдемі көрінемін деп ойлайды. Мен олай есептемеймін», – деп пікір бөлісті Илай.

Алматылық жігіт бет-аузын бояп, әлем-жәлем болып киінетін қыздарды емес, табиғи сұлулықты насихаттау қажет екенін атап өтті.

Илай Дягилев қыз бейнесінде

«Мен финалға дейін жетіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінгенде Арина Әлиеваның кім екенін айтайын деп шештім. Қазақстаннан 4 мыңға жуық өтінім түсті, соның ішінде мен финалға өттім», – деді Дягилев.

Айта кетейік, осы жағдайдан кейін Miss Virtual Kazakhstan-2018 ұйымдастыру комитетінің шешімімен оңтүстікқазақстандық Арина Әлиева жалған мәлімет бергені үшін сайыстан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылған.

Илай Дягилев Алматыда модель болып жұмыс істейді.

Нұргүл Орынбай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз