Митинг кезінде жарақат алған тәртіп сақшыларының саны белгілі болды

0
124

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Адамдар полицейлерге шабуыл жасап, тас лақтырған, арматурамен ұрған. Олардың алтауы түрлі жарақатпен госпитальде жатыр

Қазақстанда 9-11 маусым аралығында өткен митинг кезінде 300-ден аса полиция қызметкері дене жарақатын алды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 9, 10, 11 маусым күндері өткен митинг кезінде зардап шеккен полицейлердің алтауы ауруханада ем қабылдауда. Бірінің жіліншігі сынған, енді бірі бас сүйек-ми жарақатын алған.

“Үш жүзден астам полиция қызметкері дене жарақатын алды. Олардың алтауы қазір госпитальде жатыр. Бұл цифрды біз бұған дейін жария етпеп едік, алғаш рет айтып тұрмын”, – деді Тұрғымбаев үкімет қаулыларында.

Ол тәртіп сақшылары наразылық шеруі кезінде көшеге шыққан адамдарға күш қолданбағанын атап өтті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз