Нұр-Сұлтан халқы Рамазанның алғашқы күнін қалай өткізді?

0
449
Ауызашар уақыты. Нұр-Сұлтан қаласы. Нұр Астана мешіті.

6 мамыр Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні. Ақшам уақыты жақындағанда Нұр- Астана мешітіне жиналған қала тұрғындарының алғашқы күндегі әсерімен бөлісіп қайтқан болатынбыз. 

Ауызашар жақындағанда (Суреттер сөйлейді)

Ақшам уақыты жақындағанда құран оқып отырған жігіт.
Мешітте ауыз ашатын жамаған осылай алдын ала су мен құрмасын дайындап қояды.
Балалар ауызашар дастарханына көмектесті.
Мешіт сыртандағы шатырда 400 адамға арналған ауызашар дастарханы дайындалып жатыр.
Ауызашарға асыққан балалар.

Нұр Астана мешітіне қала халқы екінті уақытынан жинала бастады. Намазын аяқтап, бірі кітап оқыса бірі уағыз тыңдауға көшті.

Кейбірі ауа райының қолайлы екендігін айтып, бірінші күннің тез өте шыққанын жасырмады. Жаңадан ораза ұстаған тұрғындар судан сәл қиналғандығын жеткізді.

Мешіт жанында 400 адамға арналған арнайы шатыр құрылған. Ауыз бекіткен әрбір адам мешіт қызметкерлерінің ұсынған арнайы талонын алу арқылы тегін кіріп ауызашар дастарханына қонақ бола алады.

Айта кетейік, мұсылмандардың ұлық мерекесі Рамазан айы 4 маусымда аяқталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз