Нұр-Сұлтанда 13 автобустың қозғалысы уақытша өзгереді

0
144

17 шілдеде Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты  13 бағдардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді. Бұл туралы Астана LRT хабарлады.

“Республика даңғылы бойында жол жөндеу жұмыстарына және көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты 17 шілде күні 13 бағдардың қозғалыс сызбаларын уақытша өзгерту жоспарланып отыр. Қозғалыс сызбасы өзгертілетін бағдарлар келесі: №№ 5, 5А, 8, 10, 20, 23, 33, 34, 40, 53, 64, 71, 73”, – делінген Астана LRT хабарламасында.

Қоғамдық көлікке қатысты басқа да шектеулер болуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз