Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар ашылмайды

0
196

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмысын жалғастыра береді. Бір топта 15 баладан артық болмау қажет. Балабақшалар баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Балаларды қабылдау учаскелік педиатрдан баланың денсаулығы туралы анықтама болғанда ғана жүзеге асады.

Балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен, ата-ананың қатысуымен міндетті түрде термометрия арқылы баланың температурасын өлшейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз