Нұр-Сұлтанда жаңа көпір салынады

0
283
Photo: astana.gov.kz

Қазақстан астанасындағы Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салынады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасатын болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа көпірдің эскиздерін қалалық урбанистика орталығы әзірлеген.

Көпірдің жалпы ұзындығы – 910 м, ені – 36 м, шамдардың биіктігі – 5-тен 16 метрге дейін жететін болады. Көпір шамдары масақ түрінде жасалмақ.

Photo: astana.gov.kz

Әкімдік сайтының хабарлауынша, жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игеру тарихи оқиғасымен байланысты.

Көпірде орналасқан төрт баған ою-өрнектермен безендірілмек.

Photo: astana.gov.kz

Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған. Ол елорданың оң және сол жағалауын жалғайтын болады.

“Көпір сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдетеді”, – деді Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Жаңа көпірдің құрылысы келесі жылға жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз