Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

0
98

Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметіне хабарлады.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ мәліметінше, алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша біржолғы пойыздар іске қосылады:

– №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;

– №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;

– №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2- ден  21 наурыз күні, ал Арыс-1 -ден  23 наурыз күні;

– №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Сонымен қатар, №49/50 Алматы 2 – Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы 2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурызда кері сапарға шығатыны хабарланды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз