Назарбаев қазақстандықтарды алдағы президент сайлауына белсенді ат салысуға шақырды

0
83
дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА (Қазақстан халқы ассамбелясы) XXVII съезінде қазақстандықтарды жұмылып, алдағы президент сайлауына белсенді ат салысуға шақырды.

Елбасы осы жылдың наурызында президенттік өкілеттігін тоқтатқанын атап өтті.

“Менің бұл қадамым өзге мемлекет басшылары тарапынан қолдау мен түсінік тапты. Осыған байланысты мемлекетке өкініш те, дабыл да болғанын білемін”, – деген Елбасы уақыттың өтіп жатқанын, бәрінін өзгеретінін атап, “біз де өзгеруіміз керек” деді. “Мен ұзақ ойланып шешім қабылдадым, әрі осы мәселе төңірегінде сіздерде күмән болмағанын қалаймын”, – деді Н.Назарбаев.

Н.Назарбаев кезекті президент сайлауы 9 маусымда өтетінін ойға салды. Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Елбасы партия атынан президентікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынған еді.

“Сіздер оны жақсы білесіздер. Ол көреген мемлекет қайраткері, Қазақстанның нағыз патриоты, бүгін мемлекетті лайықты деңгейде басқарып келеді. Барша қазақстандықтарды әрі ассамблея мүшелері, сіздерді алдағы сайлауға белсенді қатысуға және бірлігімізді тағы бір рет көрсетуге шақырамын”, – деді Н.Назарбаев.

Өз сөзі барысында Елбасы шамамен 30 жылға жуық уақыт мемлекет басшысы болғанын және отставкаға кету туралы шешім елдің әрі қарай дамуы мен биліктің қалыпты түрде ауысуы мақсатында қабылданғанын алға тартты.

“Бұны дұрыс шешім деп ойлаймын. Оған сіздердің күмәндарыңыздың болмағанын қалаймын. Аталған жылдар аралығында маған қолдау танытқан Қазақстан халқы ассамблеясына алғысымды білдіремін”,- деді Н.Назарбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз