Православтар Рождествоны тойлауда (фоторепортаж)

0
151

Қазақстан православтары шіркеулерде Рождество мерекесін тойлауда.

Православ христиандары үшін Рождество мерекесі ең ұлық мейрамдардың бірі.

Түнде басталған мерекеге орай астаналықтар кеше Успенск кафедралды соборына жиналып, мерекелік литургиясын атқарып, елдегі барлық шіркеулерде құлшылық ету рәсімі өтті.

Рождествоға жиналған көпшілік шырақ жағып, бір-біріне сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін білдірді.

Православтардың нанымы бойынша нақ осы түні Вифлеем қаласында Иса пайғамбар дүниеге келген. Сол күннен бастап христиандар үшін бұл ең маңызды діни мерекелердің бірі саналады.

Күнтізбеде бұл қызыл күн болғандықтан, бүгін елімізде демалыс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз