Президент Таразда болған жарылыстан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

0
218
Сурет: tengrinews.kz

Президент “Нұр Отан” партиясының XVIII съезі барысында Таразда болған жарылыстан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. 

Мемлекет аумағында өмір сүру сапасын жақсарту үшін аудандық саясатты жүзеге асыру қажет деген мемлекет басшысы бүгін өзіне Таразда газды абайсызда қолдану салдарынан жарылыс болғандығы туралы хабар жеткенін айтты. Жарылыс орнына үкіметтік комиссиякетті, мәселенің мән-жайын анықтап, көмек көрсетеді, – деді Н.Назарбаев.

27 ақпан Тараздағы 9-шы шағын ауданда көпқабатты үйде жарылыс болды. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарына сәйкес, үйден 300 адам эвакуацияланған. Куәгерлердің сөзінше бірінші, екінші, үшінші қабаттың дуалы сынған.

Тараздағы № 1 емханаға төрт зардап шегуші жеткізілген.Олардың бәріне көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Кейіннен Жамбыл облысы балалар ауруханасына басынан жарақат алған бала жеткізілген, қазір оған операция жасалуда.

Газ жарылысы салдарынан үш адамның қаза тапқаны айқын болды.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз