“Рамазан керуені” қайырымдылық акциясы өтті

0
489

Нұрсұлтан қаласында «Рухани жастар» ұйымының қолдауымен “Рамазан керуені” қайырымдылық акциясы басталды

Әзірет Сұлтан мешітінің ауласында жиылған жамағат  күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік, ет салынған «Рамазан сөмкелерін» жағдай төмен 100 отбасыға таратты.
«Рухани жастар» ұйымымен қатар қаладағы 10 құлшылық ордасының қызметкерлері мен жамағаты, еріктілер мен белсенді студент жастар, Нұр-Сұлтан қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері жұмыла атсалысып, қайырымдылық керуенінің қатарын көбейте түсті.
Қасиетті айдағы қайырымдылық шарасын жандандырып, жан жылуымен бөлісуге ұмтылған жамағатқа ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ізгі тілегін білдіріп, ақ батасын арнады.

Елордамыздағы еріктілер ұйымы мен қайырымдылық топтарының түгелдей басын қосқан айтулы шара алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылатын болмақ.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз