Республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін

0
84

Қолайсыз ауа райы мен бұрқасын қардың әсерінен Республиканың үш облысында қар көшкіні болуы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет.

Хабарламада «Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары) және Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 27-28 желтоқсан аралығында қар көшкіні күтілуде», делінген.

Қазгидромет аталған күндерде қалың қар жауған жерлерге бармауды ұсынды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз