Сапарбаев: әркім өз отбасын өзі асырауы қажет

0
156
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев. 8 қаңтар, 2020 жыл.

8 қаңтар күні өткен баспасөз брифингінде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жәрдемақының жаңаша төленуіне байланысты пікір білдірді. 

“Біздің негізгі ұстанымымыз – біріншіден, көп балалы отбасыларды қолдау. Екіншіден 5 балаға кететін шығын мен 1 балаға кететін шығын бірдей емес екендігін білесіздер. Сондықтан барлық отбасыға 20 мың теңгеден беру дұрыс емес”, – деді Сапарбаев. 

БАҚ қызметкерлері. 8 қаңтар, 2020 жыл.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз керек” деген сөзін еске салған Сапарбаев “қазақстандықтарды жұмысқа үйретуіміз керек, әркім өз отбасын өзі асырауы керек” деді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. 8 қаңтар, 2020 жыл.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға жәрдемақы тағайындалғанда отбасының табысына қарамайды деп мәлімдеген. Министрліктің айтуынша, 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге беріледі. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап “кепілдендірілген әлеуметтік топтама” беріле бастайды деген.

6 қаңтар күнгі жағдай бойынша, 367 мың отбасына жәрдемақы тағайындалған және 17 миллиард теңге төленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз