“Сергек” бейне-бақылау жүйесі Киевте енгізілуі мүмкін

0
253

“Сергек” бейне-бақылау жүйесі Киевте енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.  

Жақында «Astana Innovations» компаниясы Киев әкімшілігімен “ақылды” қаланы дамыту тәжірибесімен бөліседі. “Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының ақпараты бойынша украиналықтарды бәрінен бұрын “Сергек” бейне-бақылау интеллектуалдық жүйесі қызықтырады.

“Бізге Астанадағы бейне-бақылау жүйесінің жүзеге асуы өте ұнады. Бұл жоба бізде осы жылы жүзеге асырыла бастайды деп жоспарлануда. Бізге Астананың тәжірибесі өте маңызды, оның қалай  жүзеге асқаны біз үшін үлгі”, – деді  Kyiv Smart City жобасының үйлестірушісі Юрий Назаров.

Мамандардың айтуынша, Астанада “Сергек” бейне-бақылау жүйесін енгізгеннен бері жол-көлік оқиғасы айтарлықтай азайды, ал ауладағы қылмыс  екі есеге қысқарған.

“Сергек” бейне-бақылау жүйесінің ерекшелігі: оңай құрылады, сымсыз, қоршаған ортаның зиянды әсеріне төзімді, нақты жағдайда көліктің мемлекеттік нөмірлерін анықтау мүмкіндігіне ие.  Одан бөлек, бейне-бақылау модулі жолдағы нысанның жағдайын және жылдамдығын анықтай алады. Ал, модульдің экологиялық датчиктері нақты қоршаған ортаның жағдайын, СО2 концентрациясын, шу деңгейі, атмосфералық қысым, ылғалдылық және температураны анықтайды. Бейнекамерадағы және датчиктердегі барлық ақпарат сымсыз арна арқылы серверлерге жіберіледі, кейіннен ахуалдық орталықта өңделеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз