Ө.Шөкеев: Арандатушыларды тыңдамаңыздар! Мені тыңдаңыздар.

0
194

Арыстан Шымкентке эвакуацияланған жүздеген тұрғын наразылыққа шықты. Олар Шымкенттен баспана салып беруді талап етуде.

Митингіге шыққандарға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келді. Ол халыққа “Арыс жақсы қала , станция, экономикасы дамиды. Ертең оқ-дәрілерді көшіріп әкетеді. Жаңа үйлер салынады, жаңа жолдар салынады”,- деп айтты.

Ал наразы халыққа кейінірек жеткен Өмірзақ Шөкеев: “Араңдатушыларды тыңдамаңыздар! Мені тыңдаңыздар. Біз бірге болуымыз қажет. Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге Арыстан үй салып береміз сатасыздарма, жоқпа -өздеріңіз шешесіздер”,- деді.

Сонымен қатар бүгінде апат аймағы снарядтан тазартылғанын, енді қауіп жоқ екеніне сендіруге тырысты. Оның айтуынша қоймадағы қарудың 70 пайызы жарылып кеткен , ал қалған 30 пайызы қала аумағынан әкетіледі. Тұрғындардың баспанасына оралып , ары қарай алаңсыз өмір сүруі үшін қазір қауіп сейілгенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз