Смартфоныңыз сіз туралы не дейді?

0
102

Бүгінде қалта телефондарымыз өміріміздің бір бөлшегіне айналуда. Қазіргі таңда смартфон пайдаланбайтын адам жоқтың қасы. Смартфон тұтынушы халықтың көпшілігі оны күніне 5 сағаттан атрық қолданады. Өміріңіздің бір бөлшегіне айналған қалта телефоныңыз сіз туралы, сіздің мінез құлқыңыз туралы не дейді? 

Британияның Линкольн және Ланкастер университетінің зерттеушілер тобы Android және iOS операциялық жүйелерінің базаларында жұмыс істейтін 500-ден астам смартфондардың пайдаланушыларын және олардың қалта телефондарына қатысты мінез-құлықтарына, әдеттер мен көзқарастарына зерттеу жүргізді. 

Зерттеу қорытындысы смартфонды таңдау расымен де иесінің кейбір қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, Android негізіндегі құрылғыларды пайдаланатын адамдар тобы iPhone негізіндегі құрылғыларды сатып алатын адамдарға қарағанда шынайы дейді зерттеушілер. Дегенмен, iPhone негізіндегі құрылғыларды пайдаланушылар жас ерекшелігі бойынша жас әрі қоғамға ашық.

Зерттеу нәтижелерінің тағы бір қорытындысы бойынша әйел адамдар ер кісілерге қарағанда екі есеге артық iPhone құрылғыларын пайдаланады. Android-ге негізделген смартфондардың пайдаланушылары, өз кезегінде, ер адамдар, сонымен қатар, ересектер мен егде тартқандар.

Смартфон өз иесінің шағын нұсқасы

Адамның жеке таңдаулары оның мінез-құлқын, қасиеттерін көруге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің бірі Хизер Шоу смартфондар иелерінің шағын-цифрлық нұсқасына айналғанын айтады.

“Көпшілік өз смартфондарын өзге біреудің алғанын немесе қарағанын ұнатпайды. Неліктен? Себебі қалта телефон арқылы оның иесі туралы көптеген мінездеме айта аламыз”, дейді зерттеуші.

Бүгінде адамдар өз қалта телефондарына “байланып қалған”. “Алманы сүйетіндер” Android құрылғысын тұтынушыларға қарағанда материалдық жағдайы асып-тасып тұрмаса да өз смартфондары белгілі бір мәртебенің индикаторы ретінде қабылданатынына сенеді. Олар Android құрылғыларын пайдаланушыларға қарағанда әсерге берілгіш келеді. 

Университет зерттеушілері адамның сырт келбеті мен мінез-құлқына қарап оның қандай смартфон пайдаланатынын анықтайтын компютерлік бағдарлама әзірлеп шығарды. Бүгінде қолданысқа енгізілген бағдарлама адамдармен сауалнама жүргізу арқылы мақсатты түрде 70%-ын дұрыс анықтайған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз