Спортзалға жұмсайтын қаражатты қалай үнемдеуге болады?

0
136

Салауатты өмір салтын ұстану – заманауи қоғамның қағидасы. Дегенмен денсаулығыңызды бір  қалыпта ұстап тұруға септігін тигізетін, ағзаңызға айтарлықтай жағымды әсер ететін спорттық құралдарды пайдалану арзанға түспейді. Табиғи өнім, спорттық жабдықтар мен спортзалға ай сайын тұрақты түрде бару біршама қаражатты қажет етеді.

Спортзалға жұмсайтын қаражатты қалай үнемдеуге болады? Шахарда абонементсіз спортпен қай жерлерде айналысуға болады? – деген сауалдарға жауап беріп көрелік.

2018 жылы Астана қаласында велоспортының әуесқойлары үшін үлкен сый, 56 км веолжол салынды. Аяқ бұлшық етін едәуір шынықтыратын бұл спорт түрінің жанкүйерлері бұл мүмкіндікті қалалық велосипедтермен кез келген уақытта пайдалана алады.


Шахмат ойнаудың пайдасы шаш-етектен. Ақыл-ойды дамытып, зиялылыққа жетелейтін зерделі ойын барысында мидың оң жақ пен сол жақ бөлігі бір мезетте жұмыс істеп, мидың дамуына үйлесім туғызады. Астаналық шахмат және шашка ойынын сүйетін қауымды таңертеңгі уақытта “Жерұйық” саябағындағы ойын үстелдерінде күтеміз.

Джиу-джитсу дәстүрі спорт түрі әлі күнге дейін сақталып келеді. Әлемнің көптеген елдерінде жауынгерлік өнердің осы түрін дамытып, культке айналдырып отырған одақ, федерация, қауымдастық, орталықтары мен клубтар бар. Астанада джиу-джитсудан тегін жаттығулар демалыс күндері таңертең Астаналық саябақ пен Жерұйық саябақтарында 19: 00-ден 20: 00-ге дейін өтеді.

Басталуы ежелгі үнді дәстүрінен алынған, жан мен тәннің бірігуіне арналған Йога жаттығулары. Жас пен қарт та қызығушылық танытқан жаттығудың бұл түрімен айналысқыңыз келсе таңғы уақыттарда және демалыс күндері Студенттік немесе Жерұйық саябақтарына келе аласыз.

Ушу – бірегей жауынгерлік өнер, ол адамның шығыс жекпе-жегі философиясын тереңінен түсінуге, өзін өзі қорғаудың жаңа машығын, тәні мен денсаулығын қатайтып, санасын тазартуға әрі ішкі қуатын дамытуға көмектеседі. Ушумен Астаналық саябақта жексенбі күндері таңертең айналысуға болады.

Денсаулыққа орасан зор пайдасы бар ерік-жігерді дамытатын, ми жұмысының жиілеуіне әсер ететін таңғы жаттығу – жүгіру. Елордада бұл спорт түрін қолданушылардың күн санап артуына орай қала әкімдігі саябақтар мен жолдарда жаяу жүгірушілерге арналған арнайы резина жамылғыларын төседі. Астаналық саябақ пен Триатлон саябағында аптасына 3 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма – сағат 19: 30-дан 20:30 дейін сертификаты бар инструкторлар топтық жүгіруден дәріс өткізеді. Сонымен қатар жексенбі күнгі дәрістер де бар, ол таңертең және кешкісін – сағат 10-нан 12-ге дейін және де сағат 17: 00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз