Статистика комитеті: Қазақстандағы орташа жалақы 212035 теңге

0
268

2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа жалақысы 212035 теңге болды. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Жоғары жалақы алатын мамандық иелері:

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 443,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты);

Қаржы және сақтандыру қызметінде – 386,8мың теңге (1,8 есеге асты);

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326мың теңге (1,5 есеге асты);

Ақпарат және байланыс саласында – 273,2 мың теңге (1,3 есеге асты);

Көлік және жинақтау саласында– 233,6 мың теңге (1,1 есеге асты).

Ең төмен жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді –127,3мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40% %-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге артық. Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында – 159,3 мың теңге, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9%-ға төмен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз