Тәуелсіздік күніне арналған от шашуды қайдан тамашалауға болады?

0
178

Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан сағат 22:00 Есіл өзенінің жағалауында мерекелік отшашу болады. Әдеттегідей, ашық аспан астында – елорда әкімдігінің алдындағы Қалалық алаңда өтетін үлкен концерт қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Мерекелік кеште қала тұрғындары мен қонақтары Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы солистерінің, «Z» триосының, «Аламан» триосының, «Арт Домбыра» триосының, Досымжан Таңатаровтың, ағайынды Жүгүнісовтардың, Дос пен басқа да отандық әншілердің өнерін тамашалайды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған шаралар 6 желтоқсанда басталған болатын. Ай соңына дейін Тәуелсіздік сарайында «Еркіндіктің дастаны – Астана» және «Хроники Независимого Казахстана» атты фотокөрмелер көпшілік назарына ұсынылады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде 10-16 желтоқсан аралығында «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты немесе бес комиссия мүддесі» деректі фильмі көрсетіледі, ал 14-і күні «Желтоқсан – Тәуелсіздік рухы» дәрісі оқылады. «Тәуелсіздік таңы атты» көрмесі 14-18 желтоқсанда С.Сейфуллин музейінде өтеді.

11-13 желтоқсанда Мемлекеттік академиялық филармония мерекеге орай «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің, «Шалқыма» халық биі ансамблінің және халық әнін орындаушылардың қатысуымен «Думанды ел»; Қазақ оркестрінің және халық, классикалық және эстрадалық вокал солистерінің қатысуымен өтетін «Азия дауысы» және «Тәуелсіздік тұғырым» үрмелі аспаптар оркестрлерінің концерттер циклын қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз