Тоқаев challenge-ге жауап берді

0
38

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алды. 

“Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен “Ғылым таппай мақтанба” атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді» деп жазды Берік Уәли.

Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артуда.

View this post on Instagram

Кішкентай балдырған қызымыз – Ләйлім-Шырақ Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы Елімізді әлемге паш етеміз. Биыл отызыншы мамырда данышпан Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз! Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын.

A post shared by Қасым-Жомарт Тоқаев (@tokaev_onlain) on

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз