Тоқаев елордадағы су тасқынынан кейін шара қолдануды талап етті

0
121
дереккөзден

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы су тасқынынан кейін шара қолдануды талап етті.

Өзінің Twitter парақшасында мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасына қарамастан, Астана қатты жауын-шашын мен өзге де табиғат апаттарына дайын емес деп жазған Сенат Төрағасы тек қала тұрғындары ғана емес, қаланың халықаралық даңқы да зардап шегуде екендігін алға тартты.

“Бұл мәселені елорданың 20 жылдық мерейтойына дейін шешуге болатын еді. Сенаторлар шұғыл шаралар қолдану қажеттігін талап етеді”, – деп жазады Тоқаев.

Атап өтерлігі, 20 тамыздан 21-не қараған түні Астанада жауын-шашынның шамамен бір айлық көрсеткіштегі шамасы түсті. Ауа-райы болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте елордада жауын-шашын болады.

Өз кезегінде, әкімдік жауын-шашынға қарамастан, жағдай бақылауда дейді. Коммуналды қызмет қарқынды жұмыс жасауда, су басқан аумақтардың салдары жойылды, деп хабарлайды әкімдік.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз