Визасыз баруға болатын елдердің тізімі жаңартылды

0
249
дереккөзден

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың визасыз баратын елдерінің тізімін жаңартты. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қазіргі таңда Израиль, Таиланд, Фиджи және Макаоға визасыз бару мәселесі талқыланып жатыр.

Қазақстан азаматтары Әзербайжанға (30 күнге дейін), Албанияға (90 күнге дейін), Аргентинаға (30 күнге дейін), Армения, Барбадосқа (28 күнге дейін), Белоруссияға, Бразилияға (30 күнге дейін), Колумбияға (90 күнге дейін), Кореяға (30 күнге дейін), Коста-Рикаға (90 күнге дейін) Қырғызстан, Македонияға (90 күнге дейін), Малайзияға (30 күнге дейін), Молдоваға (90 күнге дейін), Моңғолияға (90 күнге дейін), БАӘ, Намибияға(30 күнге дейін), Ресейге, Сейшель аралдарына, Сербияға (30 күнге дейін), Тәжікстан, Түркияға (30 күнге дейін), Өзбекстан, Украинаға (90 күнге дейін), Филиппинге (30 күнге дейін), Эквадорға (90 күнге дейін) визасыз бара алады.

Кубамен арадағы визасыз режим күшіне енген жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз