Зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап беріледі?

0
160
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесін түсіндірді.

“Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тапсырманы былай қойғанда Қазақстанда “зейнетақы аннуитеті” деген бар. Оған сәйкес, ер адам 55 жасқа, ал әйел 51 жасқа жеткенде өз жинақтарын “зейнетақы аннуитеті” ретінде рәсімдеп, ақшаны ала алады. Бірақ ер адамдар – 10 миллион, ал әйелдер 12 миллион теңге жинауы шарт”, – деді Нұрымбетов журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін осы “зейнетақы аннуитеті” болуы қажет. Сонда ол ақша адамды зейнетақымен қамтамасыз етуге жетеді. Мұның бәрі есеп-қисаптың негізінде жасалды.

“Бұл дегеніміз, адам өзін-өзі зейнетақымен қамтамасыз ету шегіне жетуі керек деген сөз. Ал одан артылған ақшаны басқа мақсаттарда жұмсауға болады деп ойлаймыз. Қазіргі ұсыныстар бойынша солай. Зейнетақымен қамтамасыз ету шегі бар. Одан артылғанды пайдалануға болады”, – деді Нұрымбетов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз