Зейнеткерлікке SMS арқылы шығуға болады

0
106

Зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

 Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі болмайды. Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін SMS хабарлама жолданады.

Зейнеткер келісім берген жағдайда, кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына жіберіледі.

Жоба әзірге “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының зейнет жасына жеткен қызметкерлерді қамтиды.

Айта кетейік, зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады. Бұл ақпарат, өз кезегінде, еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз