Жеңіл көліктер үшін баж салығы төмендейді

0
217

1 қыркүйектен бастап жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17% жарна төлеу міндеттеледі. Еуразия экономикалық комиссиясының сайты хабарлағандай осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23% болатын.

5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22% болады. Келесі жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы  15% дейін төмендеуі мүмкін. Салықтың жаңа жарналары ЕАЭО аумағына түгел тарайды. ЕАЭО Кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа өзге де тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз